Қазақстан
Өз еліңізге қайту бойынша көмекті қалай алуға болады
Қайтару алдындағы көмек
Өз еліңізге оралу кезінде көмек беру үшін Аустриядағы қайтып оралу жөніндегі кеңесшілер келесі мәселелермен айналысады:
- Өз еліңіздегі перспективалар бойынша кеңес беру
- Ықтимал көмек туралы ақпарат беру
- Жол жүру құжаттарын ұйымдастыру
- Қайтаруға қатысты шығындарды қамту
- Қайтып оралуды ұйымдастыру (ұшақ билеттерін қоса)
- Мүмкіндігінше Vienna Schwechat (Вена Швечат) әуежайының жөнелту нүктесінде көмек көрсету және транзиттік көмекті ұйымдастыру
- Қаржылық қолдау алуға көмектесу
- Қажет болса, сапарға дейін, сапар барысында және одан кейін медициналық көмек көрсетуге қатысты сұрақтарға жауап беру
Сіз қайтып келгеннен кейін көрсетілетін қызметтер
„EU Reintegration Programme“ (EURP) реинтеграция бағдарламасы өз еліңізге оралғаннан кейін реинтеграция кезінде жергілікті серіктес ұйыммен ынтымақтастықта қолдауды ұсынады.
Жедел көмек көрсету
Құны 615 еуро тұратын келгеннен кейінгі қызметтер жинағы еліңізге келгеннен кейін дереу қолдау көрсету үшін пайдаланылады және келесі жедел қызметтерді қамтиды:
- Реинтеграция серіктесінің тікелей әуежайда қарсы алуы және келгеннен кейінгі жинақ беруі: алдын ала төленген SIM картасы, жеке гигиена құралдары (тіс щеткасы, тіс пастасы, сабын, сусабын және т.б.), 1 бөтелке су, 1 жылы тамақ (сондай-ақ ваучер ретінде бар), балалардың жасына сәйкес келетін ойыншық
- әуежайдан күтіп алу
- кейінгі сапарға қолдау қызметін көрсету (ұйымдастыру және шығындарды қамту)
- келгеннен кейін 3 күнге дейін уақытша жатақты ұйымдастыру
- тікелей медициналық көмек көрсету
Ешқайсысы қажет болмаса немесе тек кейбір жедел қызметтер ғана керек болса, сіз жергілікті серіктестен 615 еуро көлеміндегі пропорционалды соманы қолма-қол ақша аласыз.
Ұзақ мерзімді реинтеграцияны қолдау
Сонымен қатар 2000 еуро сомасына тең қайтып оралудан кейінгі жинақ аласыз. Сіз осы соманың 200 еуросын ақшалай және 1800 еуроны заттай жәрдемақы түрінде аласыз, ол қайтып оралғаннан кейін алғашқы 6 ай ішінде жергілікті серіктес ұйымның көмегімен жасалатын реинтеграция жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Қайтып оралғаннан кейінгі жинақтың заттай түрінде ұсынылатын жеңілдіктерге сонымен қатар мыналар кіреді:
- шағын кәсіпорын (компания) құруға қолдау көрсету
- оқу қызметі және оқыту
- еңбек нарығына шығуға қолдау көрсету
- бірге келген балаларды мектепке қабылдауға қолдау көрсету
- құқықтық және әкімшілік кеңес беру қызметтері
- отбасын біріктіру
- медициналық көмек
- психоәлеуметтік қолдау
- үй және тұрмысқа байланысты қолдау көрсету (жиһазбен қамту)
EU Reintegration Programme
Together with local partners, EURP supports returnees in their reintegration process in their countries of origin. For more information please visit the Frontex brochure, website, or contact a return counsellor.
We would like to inform you, that after activating, data will be transferred to the provider. Further information you will find in our data protection policy.
Ерікті қайтып оралуға көмек көрсету туралы жалпы ақпарат
We would like to inform you, that after activating, data will be transferred to the provider. Further information you will find in our data protection policy.
Аустриядан оралғандарға реинтеграцияны қолдау (BMI)
Federal Agency for Reception and Support Services (BBU)
Tel.:
+43 800 808 005